«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны отандық фармацевтикалық кәсіпорындарды дамытуда ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2004 жылы құрылды. Осы қаулымен «2004-2007 жж. арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 706 қаулысына сай ҚР Индустриялар және жаңа технологиялар министрлігінің «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғы капиталында 100 % мемлекеттің қатысуымен «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамында қайта құрылды.