Клиникаға дейінгі сынақ  бөлімі Тиісті зертханалық тәжірибе талаптарына сәйкес жаңа химиялық заттарды, дәрілік және ветеринариялық препараттарды, биологиялық белсенді заттар мен қоспаларды клиникаға дейінгі сынағын ұйымдастырып, жүргізеді. Инфекцияға қарсы препараттардың қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша клиникаға дейінгі сынақтарға кеңес беру қызметтерін ұсынады. Зертханалық жануарларды пайдаланып эксперименттерді гуманизациялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан барлық in vivo зерттеулері үш «R» қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

БӨЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ

    • клиникаға дейінгі сынақтардың бағдарламаларын әзірлеу;
    • ғылыми орталықтың базасында жүргізілетін клиникаға дейінгі сынақтарды тексеріп, мониторинг жүргізу;
    • клиникаға дейінгі сынақ материалдарының тәуелсіз сараптамалары;
    • клиникаға дейінгі сынақ материалдарының құжаттарын қалыптастыру;
    • клиникаға дейінгі сынақ мәселелері бойынша мемлекеттік реттеуші органдарымен байланыс жасау;
    • кеңестік-әдістемелік көмек көрсету және зерттеудің жаңа әдістерін енгізуге бірге әрекет ету;
    • оқыту жоспарларын әзірлеу, клиникаға дейінгі зерттеуге қатысатын «ИҚПҒО» АҚ қызметкерлерін оқыту және аттестациялауын жүргізу.

WordPress Lightbox