Микробиология зертханасы бактерияларға дәрілік заттардың мутагендік белсенділігін анықтау арқылы дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен бактериалдық өсінділер және инфекциялық моделдерді пайлана отырып жаңа инфекцияға қарсы препараттардың бактерияға қарсы әсерін зерттейді. Зертхана МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне жалпы талаптар» және ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» стандартына сәйкес (аккредиттеу аттестаты № KZ И.02.1252 26.12.2011 ж.), 2016 жылы – (GLP) Тиісті зертханалық тәжірибе стандарты бойынша Германияның Федерельды Бюросында аккредиттелген.
Зертхана штатында «Биотехнология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының екі магистрі, «Биотехнология» мамандығы бойынша техника және технология ғылымдарының бір магистрі және жаратылыстану ғылымдарының бір магистрі қызмет жасайды.