Рұқсат етілген қызмет түрлері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 271 бұйрығымен бекітілген Жарғыға сәйкес «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ -ның мамандандырылған қызмет түрлерін жүзеге асыруға 8 лицензиясы бар. Сынақ орталығымен ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2001 талаптарына сай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде техникалық құзіреттілігін дәлелдейтін № 0001125 аккредитациялау аттестаты алынды. № KZ 7500176 сәйкестік сертификатымен Сапа менеджменті жүйесі дәрілік затты сынау мен инфекцияға қарсы препараттарды өндіруге қолданылуына «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптары» ҚР СТ ИСО 9001-2001 талаптарына сәйкес келетінін куәландырады.

