
Физикалық-химиялық әдістерді зерттеудің сынақ зертханасы Тиісті зертханалық практика (GLP) стандарты бойынша Германияның Федералды бюросында және «Cынау және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 талаптарына Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттеуден өтті.
Орталық шеңберіндегі бөлімшенің мақсаты
Медицинада және аралас облыстарда қолдануға арналған жаңа биологиялық белсенді заттар, субстанциялар және препараттарды жасауға бағытталған Орталықтың ғылыми-әдістемелік ілестірме зерттеулері.
Зертхананың мақсаты мен міндеттері:
- электронды спектроскопия, капиллярлық электрофорез, сұйық және газ хроматография және жылу талдау әдістерін пайдалана отырып, зерттеу үшін аналитикалық қолдау;
- Орталықтың әзірлеулеріне қатысты химиялық және биологиялық объектілерді талдау үшін қолданыстағы әдістерін бейімдеу және олардың фазалық және молекулярлық құрамы, термикалық қасиеттері мен т.б. зерттеудің жаңа әдістерін жасау мен жетілдіру.
- Медициналық- биологиялық материалдардың жаңа түрлерін қалыптастыру және олармен аралас байланысқа әкелетін заттар мен үрдістерді ғылыми зерттеу.

