Директорлар кеңесінің мүшесі
“ИҚҒО” АҚ Басқарма төрағасы
Калыкова Асем Сериковна
Тәуелсіз директор
Корпоративтік хатшы Мырзалиев Дархан Жарылкаганович, тел. 8-727-266-29-95
ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ АЙРЫҚША ҚҰЗІРЕТТЕРІ
қоғам қызметінің басым бағыттарын анықтау;
орналастыру туралы, оның ішінде жарияланған акциялар саны, әдісі және оларды орналастыру құны шегінде орналастырылған акциялар саны туралы шешім қабылдау;
қоғаммен орналастырылған акцияларды сатып алу немесе өзге құнды қағаздар және оларды сатып алу құны туралы шешім қабылдау;
қоғамның жылдық қаржылық есептілігін алдын ала бекіту;
қоғамның бір жай акциясы есебінде бір жылға дивиденттер мөлшері мен өткен қаржылық жылға қоғамның таза кірісін бөлу тәртібі туралы ұсынысты жалғыз акционерге беру;
қоғамның облигацияларын және туында құнды қағаздарын шығару шарттарын анықтау;
сандық құрамын, басқару уәкілеттік мерзімін анықтау, басқарма мүшелерін сайлау, сондай-ақ оның уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
басқару қызметінің тәртібін қарастыратын басқару туралы ережені бекіту, басқару отырысын шақыру және өткізу, оның шешімдерін қабылдау және ресімдеу;
төрағаның және өзге басқарма мүшелерінің лауазымдық жалақы, еңбекақы, сыйақы және материалдық көмек көрсету көлемдерін анықтау;
ішкі аудиттың уәкілеттік мерзімін, сандық құрамын анықтау, оның басшысы мен мүшелерін анықтау, олардың уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін және лауазымдық нұсқаулығын қарастыратын ережені бекіту;
ішкі аудит қызметі басшысы мен оның мүшелерінің еңбекақы және сыйақы төлеу, сондай-ақ ішкі аудит қызметінің басшысы мен мүшелеріне материалдық көмек көрсету шарттары мен көлемін анықтау;
корпоративтік хатшыны тағайындау, уәкілеттік мерзімін анықтау, оның уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату, оның лауазымдық жалақы көлемі мен сыйақы шарттарын анықтау;
қызмет тәртібін, корпоративтік хатшының жауапкершілігі мен сыйақы шарттарын қарастыратын ережені бекіту, сондай-ақ корпоративтік хатшының лауазымдық нұсқаулығын бекіту;
ұйымдастыру құрылымы мен қызметкерлердің жалпы санын бекіту;
қоғам қызметкерлерінің еңбекақы, сыйақы төлеу және материалдық көмек көрсету жүйелері туралы ережені бекіту;
директорлар кеңесінің комитеттерін құру, олардың құрамын анықтау және олар туралы ережені бекіту;
алдын ала мақұлдау және қоғамның жалғыз акционерінің қарауына мәселелерді шығару;
қоғамның даму жоспарын және оның түзетуін, сондай-ақ қазақстан республикасының белгіленген тәртіп пен мерзімде оның орындалуы туралы есепті бекіту;
қоғам немесе оның қызметтік, коммерциялық немесе өзге заңмен қорғалатын құпиясынан, сондай –ақ оны жариялау тәртібінен тұратын қызметі туралы ақпараттар тізбесін анықтайтын нұсқаулықты бекіту;
Аудиторлық ұйымдардың қызметін төлеу мөлшерін анықтау;
қоғам акцияларына төлем ретінде берілетін немесе ірі мәмле мәні болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау бойынша бағалаушыны анықтау;
қоғамның бөлімшелері мен өкілеттіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олар туралы ережелерді бекіту;
қоғаммен өзге заңды тұлғалардың он және оданда көп пайыз акцияларды (жарғы капиталында қатысу үлесі) сатып алу туралы шешім қабылдау;
заңды тұлғаның акционерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының қызметіне қатысты қоғамның тиесілі акцияларының он және одан да көп пайызын (жарғы капиталындағы қатысу үлесі) мәселелері бойынша шешім қабылдау;
қоғамның міндеттемелерін оның меншікті капиталының мөлшерін он және одан көп пайызға ұлғайту;
алдыңғы тіркеушімен шартты бұзған жағдайда Қоғамның тіркеушісін таңдау;
қоғамның мүддесі бар ірі мәмілелерді және мәмілелерді жасау туралы шешім қабылдау;
қоғамның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды (қоғам қызметін ұйымдастыру үшін басқарма қабылдайтын құжаттарды қоспағанда), оның ішінде қоғамның есептік және салықтық есеп саясатын бекіту;
қоғамның тәуекелдерін басқару жөніндегі құжаттарды бекіту, тәуекелдерді басқару процесін және қоғамның ішкі бақылауының басқа да элементтерінің мониторингі;
Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілерімен және Жалғыз акционердің айрықша құзіретіне жатпайтын осы Жарғымен көзделген өзге мәселелер.