Физикалық және биоорганикалық химия зертханасы кең фармакологиялық әрекеттер мен биологиялық белсенді заттардың жаңа препараттарын жасап шығарады, олардың физика-химиялық және химиялық қасиеттерін зерттейді.
Бактерияға қарсы әркеттерге, сондай-ақ антибиотиктер потенциаторы, интерферон индуцираторы және иммуномодулятор қасиеттерге ие төрт дәрілік зат әзірленді. Оның ішіндегі ФС-1 субстанциясы 2015 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұйрығымен бактерияға қарсы препарат ретінде тіркелді (тіркеу куәлігі ҚР-ДЗ -3№021305).
«Патогендік микроорганизмдердің антибиотикке резистенттік реверсиясын зерттеу» бағдарламасы шеңберінде ФБХЗ Кембридж органикалық қосылыстар деректері банкінде (CCDC) тіркелген 26 жаңа бірегей қосылыстар алынды.
Зертхана МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне жалпы талаптар» және ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» стандартына сәйкес (аккредиттеу аттестаты № KZ И.02.1252 17.04.2017 ж.), 2013 және 2016 жылы физикалық және биоорганикалық химия зертханасы – (GLP) Тиісті зертханалық тәжірибе стандарты бойынша Германияның Федерельды Бюросында аккредиттеуден өтті.