Радиохимия және радиобиология зертханасы – радиоактивтік изотоптармен белгіленген препараттардың тірі ағзасында әрекет ету механизмі мен тасымалдауды зерттеуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы жалғыз ғылыми-зерттеу кешені.
Зертхананың иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеуге мемлекеттік лицензиясы бар, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 стандартына сәйкес аккредиттелген.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР:
Зертхана SL-300 «HYDEX», BD Pathway 855 bioimager сұйықтық сцинтилляциялық спектрометриялық радиометр, «Прогресс» спектрометриялық кешен, «Optima XPN100» ультраорталықфуга, РЗБ-05Д бақылау қондырғы, изотоптарды сақтау және радиологиялық жұмыстар жүргізуге арналған 2КА-НЖ № 47 бокспен жабдықталған.
Әлемдегі жетекші өндірушілердің жабдықтары келесі қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді: