Фармакология және токсикология зертханасы Тиісті зертханалық тәжірибе -GLP талаптарына сәйкес жаңа химиялық заттардың, дәрілік және ветеринариялық препараттардың, биологиялық белсенді заттардың және қоспалардың, инфекциялық биология, токсикология, фармакокинетика, эксперименттік онкология, нанобиотехнология және нанотоксикология саласындағы ғылыми зерттеулердің қауіпсіздігі бойынша клиникалық сынақтар жүргізеді.
Зертхана ҚР СТ ИСО 17025 бойынша аккредиттелген. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау үшін СПФ-категория минививари құрылған. Барлық зерттеулер үш «R» қағидасына сәйкес Association for Assessment and Accreditation of Laboratory Animal Care International (AAALAC) и Federation of Laboratory Animal Science Associations (FELASA) арнайы курстарда біліктіліктерін тұрақты арттырып, зертханалық жануарлармен жұмыс жасаудың заманауи әдістерін меңгерген қызметкерлермен жүргізіледі.
Екі дәрілік препараттың клиникаға дейінгі сынақтарын сәтті өткізді. Материалдар Денсаулық сақтау жүйесіндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен мақұлданды. Бір дәрілік препарат Қазақстан Республикасында тіркелген.