Ғылыми орталықта игі шара өтті – Тәжірибелік өндіріс дәрілік заттар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық тәжірибеге сәйкестігіне Тиісті Өндірістік Тәжірибе – GMP (Good Manufacturing Practice) стандартының сертификатын GMP сертификаты халықты сапалы, қауіпсіз, тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз етудің кілті болып табылады. Ғылыми орталықтың GMP стандартының сертификатын алуы. Ғылыми орталықтың GMP стандартының сертификатын алуы бүкіл тәжірибелік-өндірістік ұжымның (жетекшісі О.В.Щукина), сапаны бақылау бөлімінің (жетекшісі А.Е Кусниева), сапаны қамтамасыз ету бөлімінің (Қ.Б. Бекешева), уәкілетті тұлғаның (Шарипова О.Ф.) жемісті және келісілген жұмысының нәтижесі болып табылады.

Тәжірибелі өндірістің фармацевтері мен химиктері үлкен өндірістік және ғылыми әлеуетке ие екенін ерекше атап өткім келеді, өйткені мұнда химия және фармацевтика ғылымдарының кандидаттары, магистрлер мен PhD докторлары жұмыс істейді. Ұжым алдында тәжірибелі өндірісті одан әрі дамыту, өнім түрлерін кеңейту, басқа да жаңа инновациялық әзірлемелерді енгізу бойынша күрделі міндеттер тұр.

Тәжірибелі өндіріс ұжымына сәттілік тілейміз!

 

 

previous arrow
next arrow
Slider
Leave a reply