Фото: novaera.kz

2014 жылдың 10 ақпанында еліміздің күшейтілген инновациялық кластрді дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын зерттеу шеңберіндегі министрліктің жауапты қызметкерлер тобымен Қазақстан Республикасы Премьер министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі А. О. Исекешев мырза «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамына келіп кетті. Министр Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі аймақтарда инновациялық кластерді құруға кіріскендігі жөнінде хабардар етті. Соның ішінде Алматы қаласында инновациялық кластер «Алатау» инновациялық технологиялар паркінің базасында құрылатын болады.

Медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚазҰЖҒА –ның академигі, ҚР Еңбегін сіңірген қайраткер М. Құлманов «ФС-1» шарты атауымен туберкулезге қарсы заттың клиникалық сынағының 1-ші және 2-ші сатысының нәтижелерімен аса құрметті қонағымызға таныстырып, қорытындылаушы 3-ші сатының басталуы туралы хабарлады. «ФС-1» емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданудан айырмашылығы, оны қабылдағаннан кейін 3-4 аптада алғашқы оң нәтижелерін беретін өте тиімді дәрілік зат екендігін көрсете білді.

«ФС-1»-мен қатар антибиотиктер потенциаторы (АП) – дәрілік заттың клиникалық сынағының 1-ші сатысына дайындалып жатыр. Оның негізгі тағайындауы – дәрінің әсер ету тиімділігі төмендеген кезде антибиотиктің ағзаларға әсер етуін күшейту.

Ғылым жөніндегі вице-президент, химия ғылымдарының кандидаты А. Құрманбеков 2013 жылы «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ Германияның Федеральды бюросында «Зертханалық тәжірибеге жататына» (GLP) халықаралық стандарттары бойынша аккредиуиялаудан өткендігі жайлы айттып өтті. Дәрілік және химиялық заттардың қауіпсіздігі бойынша жүргізілген зерттеулер сапасының жоғары деңгейлілігіне куәлік ететін сертификаттың алынуы-және бұл деректен туындайтын барлық салдарларды халыққаралық медициналық қауымдастықтардың тануы – бұл Орталық өміріндегі айтулы басты оқиғалардың бірі. Қазақстандағы кеңес үкіметінен кейінгі кеңістіктегі тұңғыш GLP бойынша аккредитациялаудан өткендігі туралы айта кету қажет.

Орталықтың президенті химия ғылымдарының докторы, Қазақ Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, А. И. Ильин Орталықпен пайдаланатын дәрілік препараттар кандидаларының скринингі мен іздеу амалдарын және жаңа инновациялық әдістерін министрге таныстырды. Осындай жоғары технологиялық әдістер бірлесе әрекет ететін заттардың құрылымының кванталық- механикалық есебі мәлеметтерімен қосылып дәрілік-нысананың өзара әрекетінің үрдістерінің моделдеуінің 3D әдісін қолдануға негізделген. А. Ильиннің айтуы бойынша осы тәсілдерді пайдалану орнықты әдістерімен қосылып дәрілік препараттардағы кандида – заттардың тиімділігі мен ерекшелін болжауға және бір мезетте зертханалық скринингтік сынақты жүргізуге шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді.

 

Источник: Информационно-инновационный журнал “Новая Эра” 
Ссылка на статью: NOVAERA.KZ 
(статья опубликована с разрешения Главного редактора журнала “Новая Эра”)
Leave a reply