Стратегия

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны отандық фармацевтикалық кәсіпорындарды дамытуда ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2004 жылы құрылды. Осы қаулымен «2004-2007 жж. арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 706 қаулысына сай ҚР Индустриялар және жаңа технологиялар министрлігінің «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы»  шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны  жарғы капиталында 100 % мемлекеттің қатысуымен «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы»  акционерлік қоғамында қайта құрылды.

  • Жоспарланған нәтижелер:

      • инфекциялық аурулардың антибиотикке резистенттік үлгілерін тиімді емдеуін арттыру;
      • емдеу мерзімдерін қысқарту;
      • инфекциялық аурулардың мультирезистенттік түрлері бар ауруларды емдеу мен күтуге арналған шығындарды қысқарту;
      • инфекциялық ауруларды қоздыратын дәріге тұрақты түрлерінен өлім-жітімді азайту;
      • тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуеттік жағдайларын жақсарту;
      • интерполимерлік тұздар класынан әртүрлі қоспалардың әрекеті арқылы дәріге сезімталдық фенотипінің индукцияланған реверсиясы негізінде үрдістерді зерттеу; молекула-нысанасымен бірге белсенді орталықтарының қосыпасының өзара әрекет ету механизмдерін зерттеу;
      • молекула-нысанасымен интерполимерлік тұздар класынан химиялық қоспалар мен ФС-1 препаратының белсенді орталықтарының өзара әрекетінің үрдістерін компьютерлік моделдеу;
      • белсенді ФС-1 препаратының және өзге иентерполимерлер класының қосылыстарының құрылымы, дәріге сезімталдық реверсияның үрдістерін моделдеу үшін интерфейс қолданушыларымен компьютерлік бағдарламалар жасау;
      • жаңа дәрілік заттарды іздестіру, зерттеу және өндірудің ғылыми технологияларын әзірлеу;
      • сезімталдық реверсиясын шақыруға индукциялайтын қабілеттілігі бар аса перспективалық қосылыстарды іріктеу;
      • «ИҚПҒО» АҚ жасаған дәрілік препараттардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жсау жөніндегі қажетті нормативтік-техникалық құжаттамалар әзірлеу;
      • Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) техникалық регламенттері бойынша өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында техникалық реттеуді дамыту;
      • қадағаланып отыратын нәтижелермен өнімнің аса нақты сипаттамаларын анықтау арқылы көлемнің өлшеу бірлігін қамтамасыз ету аясында жұмыстарды тиімді ұйымдастыру үшін GLP OECD, ISO халықаралық стандарттары мен ЕАЭО техникалық регламенттерін есепке ала отырып «ИҚПҒО» АҚ сынақ орталығы мен GLP зерттеу базасын дамыту;
      • «Кең ауқымды әрекет ету иммуномодулятор», ФС-1 зияткерлік меншік нысандарын коммерциялау, «Антибиотиктер потенцияторы», «Интерферондар индукторы» және «Кең ауқымды әрекет ету иммуномодулятор» клиникалық сынақтарын жүргізу;
      • әлемдік ғылыми-технологиялық кеңстікте Қазақстанның бірлігін дамыту;
      • фармацевтикалық өнім мен фаомацевтикалық технологияның отандық нарығын дамыту;

  • Ғылыми ізденістер келесідей бағыттарда жүргізіледі:

      • Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды жасау.
      • Патогендік микроорганизмдердің антибиотикке тұрақтылық реверсиясын зерттеу.
      • Жаңа медициналық және ветеринарлық препараттарды сынауды фармакология және токсикология, вирусология, иммунология, микробиология, радихимия және радиобиология, физикалық және биоорганикалық химия, фармацевтикалық химия және фармацевтикалық технология зертханалары, зерттеудің физикалық-химиялық әдістерінің сынақ зертханасы, клиникаға дейінгі сынақ бөлімі, клиникалық сынақ бөлімі, тәжірибелі өндіріс, сынақ орталығы, сапаны бақылау бөлімдері жүргізеді.

WordPress Lightbox