Басқарма құзіреті

    ИҚПҒО АҚ–ы Басқарма құзыретіне мына мәселелер бойынша шешім қабылдау кіреді:

      1. қоғамның жалғыз акционердің және директорлар кеңесінің шешімдерін орындау;
      2. директорлар кеңесінің қарауына шығарылатын мәселелерді алдын ала мақұлдау;
      3. басқарма отырысының күн тәртібін бекіту;
      4. қоғамның даму жоспарын алдын ала мақұлдау және түзету, әзірлеу және оның  қазақстан республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде орындау туралы есебі;
      5. қоғамның директорлар кеңесі мен жалғыз акционердің құзыретіне жатқызылмаған ішкі құжаттарды бекіту;
      6. қоғамның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер мен қоғам қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекіту;
      7. қоғамның штаттық кестесін бекіту;
      8. қоғамның жалғыз акционерімен алдын –ала келісімі бойынша қоғамның медиа-жоспарын бекіту;
      9. статистикалық есептілікті қалыптастыру;
      10. қоғамның даму жоспарын іске асыру, оның ішінде тиімділіктің түйінді көрсеткіштерін орындау;
      11. қоғамның ішкі қызметінің өндірістік мәселелері бойынша шешім қабылдау, оның ішінде:
        • қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес қызығушылығы жоқ қоғамда оны жасауда ірі мәмілелерге жатқызылмаған мәмілелерді жасау туралы;
        • қоғамның меншікті капиталы көлемінің он пайызына дейін құрайтын шамаға қоғам міндеттемелерін  арттыруы туралы;
      12. директорлар кеңесімен келіскеннен кейін акциялардың мемлекеттік пакет акцияларына дивидендтер көлемінің болжамды көрсеткіштерін мақұлдау және акционерге   таныстыру;
      13. қазақстан республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір көзден тәсілімен өткізілген  мемлекеттік сатып алулар нәтижелері бойынша қоғамның  аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды айқындау;
      14. жылдық қаржылық есептілікті дайындау және оны директорлар кеңесінің қарауына ұсынып, осы жарғымен және заңмен белгіленген мерзімде жалғыз акционермен бекіту;
      15. директорлар кеңесіне қоғамның таза кірісін бөлу мәселелері және оның мақсатты пайдалануы бойынша ұсыныстар беру;
      16. бухгалтерлік есеп және есептілікті ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің бүтіндігін қамтамасыз ету;
      17. тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің тиімді қызметін қамтамасыз ету;
      18. акционерлерге, директорлар кеңесінің мүшелеріне қоғам қызметі туралы, оның ішінде, құпия сипатқа ие ақпаратты, егер өзге мерзім акционер мен директорлар кеңесі мүшесінің сұрау салуында белгіленбесе, сәйкесінше акционер және (немесе) директорлар кеңесінің мүшесінен жазбаша сұрау салуды алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей беру;
      19. директорлар кеңесіне қоғам қызметінің нәтижелері туралы жарты жылдық есептерді, оның ішінде:
        • қоғамның даму жоспарының көрсеткіштерінің,
        • тиімділік көрсеткіштерінің орындалу туралы есептерді беру;
      20. кеңес беру-кеңесу органдарын құру, олардың сандық құрамын, олардың өкілеттіктері мерзімін айқындау, мүшелерін сайлау, сондай-ақ, олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
      21. заңмен, қазақстан республикасының өзге де заңнама актілерімен және осы жарғымен қоғамның басқа органдары мен лауазымды тұлғаларының құзыретіне жатқызылмаған өзге мәселелер.

    WordPress Lightbox