Тәжірибелі өндіріс 2008 жылы құрылды және сұйық дәрілік үлгілерін өндіруге арналған шеберхананы, қатты дәрілік үлгілерін өндіру цехын және инъекциялық препараттарды өндіру цехын қамтиды. Өндірістік үй-жайдың аумағы шамамен 400 м2 құрайды, сұйық дәрілік үлгілерді өндіруге арналған үй-жайлар аумағы («Д» классы)- 36 м2, «таза бөлмелер» («А» + «С» сыныптары) аумағы 96 м2, қатты дәрілік үлгілерін өндіру цехының жалпы ауданы – 96 м2.

Тәжірибелі өндіріс штатында бір ғылым кандидаты бар.

БӨЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ

    • ҚР СТ ИСО 9001-2009 және GMP – сапасы Тиісті өндірістік тәжірибе стандарттарының талаптарына сәйкес («Тиісті фармацевтикалық тәжірибелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  2015 жылғы 15 мамырдағы № 392 бұйрығы) нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу және өндірістік үрдістердің технологиялық параметрлерін жетілдіру және өңдеу кіретін жаңа субстанциялар мен дайын сұйық және қатта дәрілік үлгілерді алуда тәжірибелі-өнеркәсіптік технологияны қолдануды (масштабталған зертханалық технология) –  «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ жоспарлы әзірлеу тәжірибесіне енгізу;
    • клиникалық зерттеулер жүргізу үшін GMP стандарттарының талаптарына сәйкес субстанциялардың ұсақ сериялы өндірісін және олардың негізінде дайын дәрілік үлгілерін ұйымдастыру.

  • ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЛАРЫ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІ:

    Тәжірибелі өндіріс танымал шетелдік компаниялардың әзірлеген және шығаратын сұйық, инекциялық және қатты дәрілік үлгілерін өндіру үшін тәжірибелі желілермен жабдықталған. Жабдықтардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі мен сапасы біліктілікпен расталған. Халықаралық және мемлекеттік стандарттарға сәйкес әзірленген медициналық дәрілік препараттардың (капсулалар, таблеткалар, ұнтақтар, суспензиялар, инъекциялық ерітінділер) әртүрлі формаларының тәжірибелі үлгілерін шығаруды қамтамасыз етеді.

  • 8. Сұйық дәрілік үлгілерді өндіру жөніндегі тәжірибелі желілер:

    «Linde» (Германия) компаниясымен жобаланып, Германия,Чехия және Жапонияның танымал фирмаларымен дайындалды. Шығарылатын өнім көлемі – жылына 20 м3 жуық, ол 15 000 сырқатты емдеудің толық курсын қамтиды.

  • Инъекциялық дәрілік үлгілерді өндіру жөніндегі тәжірибелі желілер.

    Инъекциялық дәрілік үлгілерді шығару үшін жергілікті аймақтармен «А» класының екі «таза бөлмесі» жөнделді, оның ішінде жоғары деңгейдегі тәуекелдермен операция жасау үшін асептикалық жағдайда жинақтау, жабу және ашу.

WordPress Lightbox