Физикалық және биоорганикалық  химия зертханасы  кең фармакологиялық әрекеттер мен биологиялық белсенді заттардың жаңа препараттарын жасап шығарады, олардың физика-химиялық және химиялық қасиеттерін зерттейді.

Бактерияға қарсы әркеттерге, сондай-ақ антибиотиктер потенциаторы, интерферон индуцираторы және иммуномодулятор қасиеттерге ие төрт дәрілік зат әзірленді. Оның ішіндегі ФС-1 субстанциясы 2015 жылы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бұйрығымен бактерияға қарсы препарат ретінде тіркелді (тіркеу куәлігі ҚР-ДЗ -3№021305).

«Патогендік микроорганизмдердің антибиотикке резистенттік реверсиясын зерттеу» бағдарламасы шеңберінде ФБХЗ Кембридж органикалық қосылыстар деректері банкінде (CCDC) тіркелген 26 жаңа бірегей қосылыстар алынды.

Зертхана МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне жалпы талаптар» және  ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» стандартына сәйкес (аккредиттеу аттестаты № KZ И.02.1252 17.04.2017 ж.), 2013 және 2016 жылы физикалық және биоорганикалық химия зертханасы – (GLP) Тиісті зертханалық тәжірибе стандарты бойынша Германияның Федерельды Бюросында аккредиттеуден өтті.

ЗЕРТХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

    • жаңа биологиялық белсенді заттардың және олардың негізінде дайындалған препараттардың қасиеттерін және табиғатын синтездеу және зерттеу;
    • жаңа субстанциялар мен заттардың құрылымдарын моделдеу;
    • биобелсенді субстанциялардың қалыптасу механизмдерін және олардың тұрақтылығын зерттеу;
    • жаңа препараддардың болашақ өндіру технологиясының теориялық негіздері ретінде жаңа препараттарды алу әдістерін әзірлеу.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР:

Зертхана әлемдік жетекші өндірушілердің заманауи құралдарымен жабдықталған: ИК-Фурье спектрометр «Nicolet 6700», «Autolab PGStat 302» потенциостат-гальваностат, «Miniplant» зертханалық реактор, «Laborota 4003» айналмалы буландырғыш, «Professional meter PP-50» иономер «Sartorius» фирмасы, «DR6200 KRUSS» сандық рефрактометр, «ПТП (М)» балқу температурасын анықтауға арналған құрал.

WordPress Lightbox