Радиохимия және радиобиология зертханасы – радиоактивтік изотоптармен белгіленген препараттардың тірі ағзасында әрекет ету механизмі мен тасымалдауды зерттеуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы жалғыз ғылыми-зерттеу кешені.

Зертхананың иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеуге мемлекеттік лицензиясы бар, ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 стандартына сәйкес аккредиттелген.

ЗЕРТХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

    • радиоактивті изотоптардың көмегі арқылы органикалық қосылыстар құрылымына белгі салу;
    • зерттелген препараттарда және олардың жеке компоненттерінде радиоактивтік изотоптарды таңдап енгізу әдістерін әзірлеу;
    • изотоптармен белгіленген жаңа препараттардың фармакокинетикалық процестерін in vivo зерттеуге қатысу;
    • дәрілік өсімдік шикізатында, азық-түлік және ветеринариялық препараттарда бета-және гамма-сәулеленетін радионуклидтердің белсенділігін анықтау;
    • дәрінің әсер ету механизмін зерттеу.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР:

Зертхана SL-300 «HYDEX», BD Pathway 855 bioimager сұйықтық сцинтилляциялық спектрометриялық радиометр, «Прогресс» спектрометриялық кешен, «Optima XPN100» ультраорталықфуга, РЗБ-05Д бақылау қондырғы, изотоптарды сақтау және радиологиялық жұмыстар жүргізуге арналған  2КА-НЖ № 47 бокспен жабдықталған.

Әлемдегі жетекші өндірушілердің жабдықтары келесі қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді:

    • дәрілік өсімдік шикізатында цезий-137 және стронций-90 анықтау;
    • азық-түлік және ветеринарлық препараттар, сүт және сүт өнімдерінде цезий-137 және стронций-90 анықтау.

WordPress Lightbox