Фармакология және токсикология зертханасы Тиісті зертханалық тәжірибе -GLP талаптарына сәйкес жаңа химиялық заттардың, дәрілік және ветеринариялық препараттардың, биологиялық белсенді заттардың және қоспалардың, инфекциялық биология, токсикология, фармакокинетика, эксперименттік онкология, нанобиотехнология және нанотоксикология саласындағы ғылыми зерттеулердің қауіпсіздігі бойынша клиникалық сынақтар жүргізеді.

Зертхана ҚР СТ ИСО 17025 бойынша аккредиттелген. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау үшін СПФ-категория минививари құрылған. Барлық зерттеулер үш «R» қағидасына сәйкес Association for Assessment and Accreditation of Laboratory Animal Care International (AAALAC) и Federation of Laboratory Animal Science Associations (FELASA) арнайы курстарда біліктіліктерін тұрақты арттырып, зертханалық жануарлармен жұмыс жасаудың заманауи әдістерін меңгерген қызметкерлермен жүргізіледі.

Екі дәрілік препараттың клиникаға дейінгі сынақтарын сәтті өткізді. Материалдар Денсаулық сақтау жүйесіндегі уәкілетті мемлекеттік органдармен мақұлданды. Бір дәрілік препарат Қазақстан Республикасында тіркелген.

ЗЕРТХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

    • жаңа заттар мен препараттардың қауіпсіздігі бойынша клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу;
    • наноматериалдардың уыттылығын зерттеу;
    • жаңа дәрілік заттардың фармакокинетикасын зерттеу;
    • бактериалдық және саңырауқұлақтық инфекцияларды экспериментальды моделдеу;
    • микробқа қарсы және саңырауқұлаққа қарсы препараттардың тиімділігін зерттеу;
    • зертханалық жануарлардағы ішегінің дисбиоз моделіне пробиотиктер мен пребиотиктердің тиімділігін зерттеу;
    • тышқан моделіне ісікке қарсы белсенділікті зерттеу;
    • ауытқымалы уыттылыққа сынақ жүргізу.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР:

Тапсырыс берушілер үшін  инъекциялық препараттардың ауытқушылық уыттылығына сынақтар жүргізуге, өткір және созылмалы уыттылықты, жергілікті тітіркенуді, мутагендікті, фармакокинетиканы, биохимиялық зерттеулерді зерттеуге, микробқа қарсы және ісікке қарсы белсенділікті зерттеуге, зертханалық жануарларға пребиотиктер және пребиотиктерді зерттеуге мүмкіндік береді.

WordPress Lightbox