Микробиология зертханасы бактерияларға дәрілік заттардың мутагендік белсенділігін анықтау арқылы дәрілік заттардың қауіпсіздігі мен бактериалдық өсінділер және инфекциялық моделдерді пайлана отырып жаңа инфекцияға қарсы препараттардың бактерияға қарсы әсерін зерттейді. Зертхана МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлік зертханалардың құзіреттілігіне жалпы талаптар» және  ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджментінің жүйесі. Талаптар» стандартына сәйкес (аккредиттеу аттестаты № KZ И.02.1252 26.12.2011 ж.), 2016 жылы – (GLP) Тиісті зертханалық тәжірибе стандарты бойынша Германияның Федерельды Бюросында аккредиттелген.

Зертхана штатында «Биотехнология» мамандығы бойынша техника ғылымдарының екі магистрі, «Биотехнология» мамандығы бойынша техника және технология ғылымдарының бір магистрі және жаратылыстану ғылымдарының бір магистрі қызмет жасайды.

ЗЕРТХАНАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

    • химиялық синтездердің жаңа өнімінің микробқа қарсы белсенділігінің скринингі;
    • қауіпсіздіктің клиникаға дейінгі зерттеуіне қатысу – GLP халықаралық стандарттар талабына сай бактерияда (Эймс тесті) кері мутация тестінде мутагендік белсенділікті анықтау;
    • микробиология және аралас ғылымдар түйісуінде ғылыми зерттеулер жүргізу – молекулярлық биология, радиобиология, цитология және басқалар;
    • нормативтік-техникалық құжаттамалардың сәйкестігіне шикізаттар, субстанциялар, дәрілік препараттар және өзге де нысандарды микробиологиялық бақылау;
    • GCP халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес клиникалық сынақтар барысында биологиялық материалдардың микробиологиялық зерттеулерін жүргізу;
    • тірі өсінділер коллекциясын құру және жүргізу.

WordPress Lightbox