Иммунология зертханасы инфекциялық және онкологиялық ауруларда жануарлар мен адамдардың иммундық реакцияларын зерттейді, жасуша өсіндісі мен жануарларда әзірленген және әзірленіп жатқан дәрілік заттарының иммунобиологиялық қасиеттерін бағалауды іске асырады. Зертханада ИСО 9001-2016 және GLP сапасымен қамтамасыз ету жүйесі жемісті қалыптасып, енгізілген. Зертхана штатында бір медицина ғылымдарының кандидаты қызмет жасайды.

ЗЕРТХАНА МІНДЕТТЕРІ

    • дәрілік субстанциялар мен препараттардың, олардың қауіпсіздігін зерттеуде иммуноуыттылық және мутагендік әрекеттерін бағалау;
    • дәрілік субстанциялар мен препараттардың олардың ерекшелік фармакологиялық қасиеттерін зерттеуде иммунотроптық әрекетін бағалау;
    • Инфекциялық және онкологиялық ауруларды үлгілеудегі иммундық жауаптардың жасушалық және молекулалық механизмдерін зерттеу;
    • әзірленіп жатқан препараттардың ісікке қарсы әсерін бағалау.

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОРЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР

Зертхана жоғары халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи бирегей жабдықтармен жабдықталған, олар: TECAN иммунды ферменттік талдау жүргізуге арналған станциялар, autoMACS Pro иммуномагниттік сепаратор арқылы Thermo Scienti сұйық азот деңгейінің моиторы бар жасушалы желіге арналған криосақтаушы, Leica инвертирленген микроскоп, FACSCalibur ағынды цитофлуориметр, Luminex 200 мультиплекстік ағынды анализатор, Guava easyCyte 8H ағынды цитометр. Бұл анықтауға байланысты жоғары сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді:

    • биологиялық белсенді заттардың иммуноуыттылық әрекеті;
    • биологиялық белсенді заттардың мутагенді әрекеті;
    • интерферондық дәреже;
    • про- және қабынуға қарсы цитокиндер;
    • иммунитеттің гуморальдық факторлары;
    • гормондар және онкологиялық жағындылар.

WordPress Lightbox