Ғылыми кеңес (әрі қарай – ҒК) ғылыми және ғылыми –техникалық қызмет жөніндегі «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-ның (әрі қарай- Ғылыми орталық) тұрақты әрекет ететін кеңестік- кеңесші орган болып табылады.
Ғылыми кеңес (әрі қарай – ҒК) ғылыми және ғылыми –техникалық қызмет жөніндегі «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ-ның (әрі қарай- Ғылыми орталық) тұрақты әрекет ететін кеңестік- кеңесші орган болып табылады.
ҒК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конститутциясын, Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңын, Қазақстан республикасының «Білім туралы» заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1059 қаулысымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының ғылыми және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасын» және өзге ғылыми ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ Ғылыми орталықтың Жарғысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік- техникалық құжаттары мен басшылық ету директивтерін басшылыққа алады.
Өз мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін Ғылыми кеңес төмендегі жұмыстарды атқарады:
Ғылыми кеңестің төрағасы Ғылыми орталықтың Басқарма Төрағасы немесе Ғылыми жетекші, ал оның орынбасары – Ғылым жөніндегі Басқарма Төрағасының орынбасары болып табылады. Ғылыми кеңестің төрағасы болмаған жағдайда, Ғылыми кеңестің төрағасының міндетін оның орынбасары атқарады.
Ғылыми кеңестің мүшелері Орталықтың құрылымдық бөлімшелері мен зертхана басшылары, Ғылыми орталықтың жетекші ғалымдары мен ғылыми қызметкерлері, ал сондай-ақ Ғылыми орталықпен қызмет жасайтын ғылыми-техникалық бағдарламалардың бірлесе орындаушы ұйымдар бола алады. Ғылыми кеңестің жұмысына инфекцияны емдеу әдістері мен инфекцияға қарсы препараттарды жасау саласында теориялық және тәжірибелік жетістіктері бар, ғылыми дәрежеге, тиісті біліктілікке ие кәсіпорындар мен зауыттар, жоғары оқу орындар, мемлекетті және ғылыми және ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметкерлері тартыла алады.