Біз туралы

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны отандық фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуда ғылыми-техникалық қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес 2004 жылы құрылды. Осы қаулымен «2004-2007 жылдарға арналған инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 706 қаулысына сәйкес ҚР Индустриялар және жаңа технологиялар министрлігінің «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғы капиталында 100 % мемлекеттің қатысуымен «Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» акционерлік қоғамында қайта құрылды.

  • Стратегиялық бағыттары

    • ЭЫДҰ талаптарына жауап беретін (GLP) тиісті зертханалық тәжірибе қағидаларына сәйкес зерттеу жүргізү үшін жүйелер құрү, Қазақстан Республикасы үшін шетелдік нарыққа қазақстандық өнімдерді экспорттау шарттарын жақсартуға байланысты перспективалар ашылады.

    Бактериалды, вирусты және бактериалды-вирусты инфекциялардан адамды және жануарларды қорғау саласында медицина, ветеринария, химия және фармакология саласындағы ғылыми-зерттеу қызметтерін іске асыру;

    Тиімділігіне қарай айтарлықтай артықшылығы бар бірегей, патентті-қорғалған инфекцияға қарсы дәрілік заттар мен ветеринарлық препараттарды жасау;

    Бактериалды, вирусты және бактериалды-вирусты инфекцияларды емдеу үшін олардың тәжірибелі-өнеркәсіптік өндірісін құру.

  • Біздің артықшылығымыз

    Химиялық тәжірибелердің компьютерлік модельдеуі, компьютерлік бағдарламалар әзірлеу;

    Жаңа дәрілік препаратты іздестіру, зерттеу және өндірудің ғылымды қажет ететін технологияларды әзірлеу;

Слова великих

Есть фундаментальная разница между религией, основанной на догмах, и наукой, основанной на наблюдениях и логике. Наука победит, потому что она работает.

— Стивен Хокинг
Қоғамның ұйымдық құрылымы

Басшылық

Компания тарихы

Германияның Федеральды GLP-Бюро-сының инспекциясы

«Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығы» АҚ Экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымының (ЭЫДҰ) GLP қағидаларына сәйкес Германияның Федеральды GLP- Бюросының екінші рет инспециясынан сәтті өтті.

ТМД алғаш рет ГФР GLP-сертификатына қол қойылды

ТМД елдеріндегі алғашқы рет Германия Федеративтік Республикасының Федеральды GLP- Бюросы GLP жөніндегі Басшылықтың тиісті талаптарына Инфекцияға қарсы препараттар ғылыми орталығының зерттеу базасын тану туралы GLP-сертификатына қол қойды.

Ғылыми орталық ҚР Комитетімен аккредиттелді.

«Ғылым туралы» ҚР Заңына сәйкес Ғылыми орталық ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетпен аккредиттелді.

Менеджмент саласында аккредиттелді.

Ғылыми орталық ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандартына сәйкес жүргізілген жұмыстардың сапасының менеджмент саласында аккредителді.

Сынақ саласында аккредиттелді

Ғылыми орталық ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 стандартына сәйкес техникалық құзыреттілікке арналған дәрілік заттарды сынау саласында аккредиттелген.

Бақылау зертханасымен өндіріс іске қосылды.

Халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленген медициналық дәрілік заттар мен ветеринарлық препараттардың тәжірибелі үлгілерінін шығаруды қамтамасыз ететін бақылау зертханаларымен тәжірибелі-өнеркәсіпті өндіру пайдалануға берілді.

Ғылыми орталық 7 мемлекеттік лицензия алды

Оның ішінде медициналық қызмет, фармацевткалық қызмет, есіркілік заттар, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымына, радибелсенді заттармен жұмыс, ветеринарлық препараттарды өндіру және іске асыруға арналған лицензиялар бар.

9 кәсіби зертханалар ұйымдастырылды.

«2004-2007 жылдарға арналған Инфекцияға қарсы жаңа препараттарды жасау» ғылыми-техникалық бағдарламаның қызметін қамтамасыз ету және іске асыру үшін жаңа медициналық препараттарды сынауға бағытталған 9 кәсіби зертханалар ұйымдастырылды.